Жексенбі, 19 мамыр, 18:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

4 күнде 58 құқық бұзушылық

02.10.2023

340 0

Қызылордалық полицейлер жүргізген «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңнамаларды бұзудың  58 дерегі анықталды. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынып отыр.

Биылғы жылдың қыркүйек айының 10 мен қазан айының 10күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыс­тарды ашуға бағытталған.

– Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлер 14 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы 58 дерегін анықталан, 2 қыл­мыстық іс және 56 әкімшілік құқық бұзушылық. Оның ішінде жануарлар дү­ниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың (ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы) 32дерегі анықталды.Заң­сыз балық аулау (ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы) бойынша 18 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды, – дейді полиция департаментіндегілер.

Қоғамдық орындарды ластаған 3 мыңнан астам тұрғын жауапкершілікке тартылған

Қызылордада жыл басынан қоғамдық орындарды ластаған 3 мыңнан астам тұрғын жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімінің бастамасымен ай­ма­ғы­мызды абаттандыру және көркейту бағы­тында қарқынды жұмыс­тар жүр­гізілуде. Дегенмен ортақ пайдаланы­латын орындарды ластау деректері жиі орын алуда. Статистика көрсеткендей, жыл басынан облыста қоғамдық орындарды ластағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 434-2-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке 3086 адам тартылды. Олардың 179-ы бір жыл ішінде қайталап, құқық бұзушылық жасаған.

А.АҚЫЛБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: