Бейсенбі, 25 сәуiр, 04:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

77 азаматты қабылдады

18.12.2021

805 0

Азаматтардың құқықтарын қорғап, олардың өтініштері  мен ұсыныс – пікірлерін  жедел және сапалы қарау мәселесі полиция қызметіндегі  маңызды бағыт.

Өтініштерді уақтылы қарап, оңтайлы шешімін табу халықтың полицияға деген сенімін арттыратыны белгілі. Бұл бағыттағы  жұмыстар Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының үнемі бақылауында.  

Халықпен өзара іс-қимыл жасасуды және полиция қызметінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре тұрақты түрде азаматтарды жеке қабылдау өткізуде. Жұртшылықтың ішкі істер органдарына сенімділік деңгейін көтеру мақсатында тұрғындармен кері байланыс орнатуда.     

Ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу, қылмыстық істерді тергеу барысы және де көптеген полиция қызметіне қатысты сұрақтар түсіп жатады. Бектөре Жеңісбайұлы шағым, ұсыныстарымен келген тұрғындарды мұқият тыңдап,  заң аясында  кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.  Әр сауалды назарға алып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін сала басшыларына  нақты тапсырмалар береді.

          Жалпы,  жыл басынан Қызылорда облысы Полиция департаментіне  2500 – ге жуық өтініш келіп түсті.  Өтініш-тілектердің басым бөлігі оң шешімін тауып, қанағаттандырылды.

                Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре азаматтарды жеке қабылдауды жалғастыруда.   

Жеке қабылдауға алдын ала  8 (7242) 29-56-87  телефон арқылы жазылуға болады.   

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: