Бағзыдан «әкенің қас қабағы – баланың бас сабағы» деген тағылым тараған. Сондықтан, әке парасатының перзент алдындағы мәні орасан. Асқар тауға баланған асқақ бейненің айрықша сомдалатыны да содан. 21 маусым – Әкелер күніне орай, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Тұрымбетов Мирамбек Ұзақұлының әкелік болмысы жайында аз-кем тарқатсақ дейміз.
Қызметтің жауапкершілігі жоғары, уақыты тығыз болғанына қарамастан, ол отбасы құндылығын әрдайым бірінші орынға қояды. Балаларының тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, әр сәтін мәнді өткізуге тырысады. Әке мен бала арасындағы сыйластық пен сенім олардың қарым-қатынасынан анық байқалады.
– Әке болу – үлкен жауапкершілік. Қызметте жүргенде әрдайым тәртіп пен талапты басшылыққа алсақ, отбасында балаға мейірім мен дұрыс тәрбие беру басты міндетіміз деп санаймын. Қандай қызмет атқарсақ та, баламызға уақыт бөліп, оның жанынан табылу маңызды. Ұлымның мені мақтан тұтатынын сезіну – мен үшін үлкен қуаныш, – дейді әділет майоры М.Ұзақұлы
З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
