Жұма, 19 сәуiр, 04:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Әкімдік тұрғынға моральдық өтемақы төлейтін болды

17.06.2022

922 0

Ер адам БҚО әкімдігінің үстінен арыз жазып сотқа жүгінген. Оның талабы бойынша Орал қалалық № 2 соты оң шешім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой ГОРОД” порталына сілтеме беріп.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, азамат № 3 қалалық емхананың жұмысына көңілі толмай, одан кейін облыс әкімдігіне арыз жазған. Алайда оған жауап алмаған ол шенеуніктерге өзі барған кезде қызметкерлер оған дауыс көтеріп, өзіне тіл тигізген.

Басынан өткергендері үшін талапкер моральдық өтемақы ретінде 500 мың теңге сұраған.

Судья Марат Маликов азаматтық талапты ішінара қанағаттандыру туралы шешім шығарып, моральдық өтемақы ретінде 100 000 теңге жеткілікті деп есептеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: