Жұма, 19 сәуiр, 03:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Алматы полициясы Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты іс қозғады

09.06.2022

772 0

Алматы полициясы Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растап, түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласының полиция департаменті Қ. есімді азаматтан Ғабидолла Әбдірахымовтың үстінен арыз түскенін растады. 

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: