Жетістікті жіпке тізіп, кемшін тұсты келістіру үшін әр кезеңге көз жүгірту маңызды. Осы мақсатта, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өтіп, алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
Жиын барысында ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Зиябеков Жәнібек Мелдебекұлы қызметтің барлық негізгі бағытына тоқталып, оң нәтиже мен тиісті шараларды талап ететін мәселелерге жан-жақты талдау жасады. Ал, Қызылорда прокуратурасының үкімдердің қадағалау басқармасы бастығы Азамат Баянбайұлы өз сөзінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуы – тұрақты әрі тиімді қызметтің басты кепілі екенін атап өтті. Ол құқықтық тәртіпті нығайту, заң талаптарының орындалуын орнықты ету және орын алуы мүмкін заң бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігіне ерекше тоқталды.
Тиімді тетік пен нақты шешім барда нәтиже де нанымды болады. Бұл ретте, мекеме бастығы, әділет майоры Әмірбек Азамат Темірбекұлы алдағы кезеңге межеленген міндеттерді белгілеп, бірқатар тапсырма жүктеді.
З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
