Сейсенбі, 04 ақпан, 15:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Ақтөбеде көлігін сатуға кеткен әйелдің денесі табылды

15.06.2024

758 0

Ақтөбеде жантүршігерлік қылмыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Базарға көлігін сатамын деп кеткен 55 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті. Әйел байланысқа шықпаған соң туыстары полицияға хабарлаған. Көмекке жергілікті волонтерлер де келген.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ізін суытпай ер адамның ұсталғанын мәлімдеді. Жоғалған ақтөбелік әйелдің көлігі күдіктінің гаражынан анықталды. Көп ұзамай әйелдің денесі қаланың шетінен табылды.

Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталды. Іске байланысты сараптама тағайындалды, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу Полиция департаментінің басшысының жеке бақылауында, – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: