Жексенбі, 08 желтоқсан, 07:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

«Автобус»: Қызылордада жол қозғалысы ережесін бұзған 420 дерек анықталды

28.02.2022

674 0

Қызылорда облысы көлемінде өтіп жатқан «Автобус» профилактикалық іс-шарасының 7 күнінде жолаушылар тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 420 дерегі анықталды.

Атап айтқанда, қоғамдық тасымалдаушылар арасында негізгі құқық бұзушылық болып табылатын, яғни жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзғандары үшін – 56, еңбек және демалу тәртібін бұзу – 2, көлік құралын тиісті рұқсатсыз жабдықтаудың – 38, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеудің – 8, міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдарын – 80, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану – 74, маневр жасау қағидасын бұзу – 75, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзу – 32, жолдың қарсы бағытына шығып, көлік құралын басқарудың 1 дерегі анықталды.

Айыптұрғына 47 автокөлік қойылып, 50 мемлекеттік белгілері шешілген.

Атқарушы органдармен бірлесіп автобустар мен таксилердің санкцияланбаған 8 тұрағы жабылды.
Сонымен қатар, көлік бақылау инспекция қызметкерлерімен бірлесіп жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 16 дерегі анықталды.

Облыс бойынша адамдарды тасымалдайтын 102 қоғамдық көліктің жылыту, электр жабдықтарын және т.б. жағдайы тексерілді.

Мәселен, қоғамдық көліктің жүргізушісі Қызылорда қаласындағы жанар жағармай құю бекеттерінің бірінен шығып, қос жалпақ сызықты басып құқық бұзушылық жасаған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді.

«Автобус»: Қызылордада жол қозғалысы ережесін бұзған 420 дерек анықталды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: