Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне 25 қаңтар күні ауыл тұрғыны жайылымнан 2-бас сиырының ұрлағандығы туралы арызданған.
Аталған арыз бойынша полиция қызметкерлерімен атқарылған жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысты күдікті анықталып, ұсталды. Ол 35 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Айғақ зат ретінде 2-бас сиыры алынып, иесіне қол хат арқылы тапсырылды. Күдіктіге қатысты ІІО келу туралы міндеттеме алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігі (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!