Жұма, 19 маусым, 16:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Ауызша сөйлеудің әр түрінің ерекшеліктері

19.06.2026

31 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қылмыспен күресуде математика, физика, химия, биология, информатика және т.б. арнаулы ғылым салаларына негізделген сарапшылық зерттеу әдістері бұрыннан келе жатқан дәстүрлі әдістер ретінде оң нәтиже беріп келеді.

Ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасында және жақын шетел мемлекеттерінде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар, сондай-ақ халықтың көшіп-қонуы, терроризм (күш қолдану), зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау, адамдарды ұрлау сынды және адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы, мемлекеттің конституциялық құрылымының негіздері мен қауіпсіздігіне қарсы, меншікке қарсы, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы, халықтың денсаулығы және адамгершілікке қарсы, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы, басқару тәртібіне қарсы қылмыстарды ашуда лингвистика ғылымы алдыңғы шепте тұр. Өкінішке орай, бұдан 20 жыл бұрынғымен салыстырғанда аталып отырған қылмыс түрлері кеңінен етек алып келеді.
Осыған байланысты криминалистикада арнаулы лингвистикалық ғылымды талап ететін сараптама түрі – сот-бейнефонографиялық зерттеу аса маңызды орынға ие болып отыр. Бейнефонографиялық зерттеудің тікелей негізгі нысаны – әртүрлі дыбыс жеткізгіштерде белгіленген адам сөзі мен дауысының қасиеттері.
Криминалистикада дауыс түсінігі: ол адамның физикалық және психикалық ерекшеліктерімен себептелген, оның қасиеттерін бейнелейтін сөз құрастырушы аппараттардың өзіндік және қалыпты қозғалысы жүйесімен пайда болған, әрбір адам үшін тұрақты жеке дыбыстардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Сарапшылық зерттеу нысандарына тек адамның сөзі ғана емес, сонымен бірге әңгімеге қатысушылардың не болмаса басқа адамдардың орындайтын іс-әрекеті нәтижесінде (тамақтану, шылым шегу, қағаз сылдыры, есік, шкафтар, столдың ашып-жабылуы, атыстар) пайда болатын дыбыстар да, күтпеген жағдайдағы (радио, телехабар, сағаттың соғуы) автомобиль двигателінің жұмысы, көшедегі шу және өзге де дыбыстық ортада пайда болатын әр түрлі сыртқы дыбыстар жатады. Сонымен бірге, дыбыс жазатын аппаратура мен фонограмманың мүлтіксіз болмауы салдарынан пайда болған «паразиттік» шу да зерттелуі мүмкін.
Бейнежазбаны зерттеу кезінде тек бейнежазбаның дыбыстық арнасы жолына жазылып алынған дыбыстық (сөйлеу) ақпарат, яғни адамның дауысы ғана бейнефонографиялық сараптаманың объектісі болып табылады. Осыған байланысты біз төменде ауызекі сөйлеу түрлеріне тоқталмақпыз.
Үлгілерді салыстыру үшін неғұрлым маңызды шарттардың бірі осы үлгілерде жазылған ауызекі сөйлеу түрі бойынша сәйкестік болып табылады. Ауызша сөйлеудің әр түрі үшін жүзеге асырудың өзіндік ерекшеліктері тән, мұны әрі қарай салыстырмалы талдауды орындауда және сәйкес келетін/сәйкес келмейтін теңдестірушілік белгілерді анықтауда ескеру керек.
Телефон бойынша ауызша сөйлесу – өзінің өзіндік ерекшеліктері бар ауызша сөйлеудің ерекше түрі. Телефонмен әңгімелесу жағдайы диктордың сөйлеуінде тікелей көзбен қабылдауда болмайтын сөйлеу ерекшеліктерінің пайда болуымен себептеледі. Тікелей көзбен қабылдау әңгімелесушілердің бір-бірімен кейбір сөйлеу құралдарының орнын толтыратын мимика мен ымдарды қолдануға мүмкіндік береді, әртүрлі синтаксистік және лексикалық бірліктерді тастап кетуге әңгімелесушілердің көз алдында тұрған заттардың атын атамай-ақ оларды есімдіктермен беруге мүмкіндік береді.
Әңгімелесушілерде көзбен көру байланысының болмауы сөйлеушінің әңгімелесу кезінде байланыс пен назарды ұстап тұруды көрсететін байланысты-орныққан құралдарды қолдануды талап етеді. Байланысты-орныққан құралдар ретінде түсінесің бе, тыңдап тұрсың ба, ага, угу секілді сөздер, көптеген растаулар мен сұраулар болып келеді.
Телефон бойынша сөйлескенде адамда уақыт бойынша шектеу болады, бұл көптеген сөйлеу кідірістеріне, сөзді жаңылыс айтуға, қайталауларға, сөйлеу темпінің артуына әкеледі.
Өзінің формасы бойынша ауызша сөйлеу белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталған сөз ағынын көрсетеді: ақпарат алмасу, әсерге түрткі болу, эмоционалдық әсер ету. Сөзді айуға дайындық әңгімелесушінің сөзді айтуымен бір уақытта болады. Сондықтан дикторда жиі тиісті сөйлеу формасын таңдауға мүмкіндігі болмайды. Телефон бойынша ауызша сөйлеуді талдау барасында диалогты жүргізу шеберлігіне, әсіресе дикторды жиі бөле бере ме, әңгімелесушіден қайта сұрай бере ме, әңгімені басқа тақырыпқа ауыстыра ма, жауап беру үшін ойлануға уақыт созып тұр ма, осыларға назар аудару маңызды.
Оқу түрінде ауызша сөйлеу, жатқа айту – келесі ерекшеліктермен сипатталады: сөздегі дыбыстарды айтудың толық стилі, жазба мәтін орфографиясының сөйлеуге әсер ету мүмкіндігі, жазбаша сөйлеуге тән синтаксис пен стиль, ерекше просодикалық ұйымдастыру мен жазбаша мәтіндегі сөйлем құрылымы және оның интонациясымен, сондай-ақ диктор көзінің көргіштігіне байланысты интонациялық рәсімдеу, (көптеген жаңылыс сөздер, сөйлеудегі жаңылыстар нашар көрумен себептеледі).
Осылайша, мәтінді оқу синтаксистік және лексикалық ерекшеліктерін талдауға мүмкіндік бермейді, орфографияның әсер ету мүмкіндігін ескере отырып, тек фонетикалық ерекшеліктерін (дыбыстарды айту мен фразаны просодикалық рәсімдеу) қарастыруға мүмкіндік береді.
Егер жазбаша мәтінді бір адам жасаған және оқыған болса, онда синтаксистік және лексикалық белгілерді ескеру керек, бірақ бұл жағдайда синтаксистік оралымдар сөйлеудің жазбаша формасымен себептеледі. Бірнеше мәрте қайта жазу және жазба мәтінді өзгерту, бір сөзді екіншісіне ауыстыру ауызкі сөйлеудің лексикалық белгілерін қолдануды шектейді.
Жатталған және жатқа айтылатын мәтіннің оқудан ойлану және еске түсіру үшін көптеген кідірістермен айырмашылығы бар. Қалғанында лингвистикалық белгілердің барлық топтары мәтінді оқығандағы секілді көрінеді.
Спонтандық дайындалмаған ауызекі сөйлеу – сөздегі дыбыстарды айтудың толық емес стилімен, дауыстың қатты редукциясымен, дауыссыздардың түсіп қалуы мен түрленуімен, сөздің фонетикалық реңінің буынның толық қысқаруына дейін өзгеруімен, бір дауыссыздың екі орында айтылуымен, сөз шекарасының өшірілуімен, сөздің әртүрлі болуымен, дәлелсіз қайталаулармен кейде ешқандай мәні жоқ қыстырма сөздің көп болуымен сипаталады. Өзіндік спонтандық сөйлеу келесі интонациялық құбылыстар есебінен қалыптасады: синтагма ұзындығының әртүрлі арақатынасы және фонетикалық сөздердің саны, интонацияның аяқталғандығы және аяқталмағандығының алмасуы, интонациялық үзілістер, кідірістердің көп жалпы ұзақтығы, эмоционалдық, неғұрлым жылдам темп және т.б.
Дайындалған ауызекі сөйлеу оқу мен спонтандық сөйлеу арасындағы орташа әрені көрсетеді. Ол таза спонтандық емес, себебі синтаксистік құрылымдар мен лексикалық құралдарды стилистикалық нәтижеге жеткізу үшін және аудиторияның назарын аудару сөйлеушінің пікірінше үлкен маңыздылықты көрсететін нақты жағдайларға ерекше мән беру үшін белгілі бір ораторлық құрал ретінде сөйлеуші саналы түрде қолдануы мүмкін.

А.С.Жуматаева,
филология магистрі, Қызылорда облысы бойынша Сот сараптамасы институтының бас сарапшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: