Жұма, 19 сәуiр, 05:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Байқоңырда экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды

14.09.2022

463 0

Байқоңырда экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері осы мақсатта жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

«Нәтижесінде Байқоңыр қаласының 38 жастағы экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан деструктивті діни ағымын ұстанатын тұрғыны қолға түсті. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағымен көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. Онда «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңын бұзу, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға тыйым салу жағдайы көрсетілген», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылды. Оған 107205 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: