Сейсенбі, 23 сәуiр, 14:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым

23.04.2024
PDF мұрағаты

Барлығы заң аясында болуы тиіс

15.10.2021

864 0

Бүгін қалаға қарасты Белкөл кентінде «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.

Кездесуде жергілікті тұрғындарға алаяқтық және сыбайлас жемқорлық қарсы деректердің алдын алу жөнінде заңнама аясында түсіндірмелер берілді.

Шараға Белкөл кенті әкімі Ардақ Ибраимов, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы басшысы Ләззат Шайзадақызы, №2 қалалық сот төрағасы Балғабай Жаңабаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Рашид Тұраров қатысты.

– Қазір жасыратыны жоқ ел арасында алаяқтыққа алдану дерегі азаймай тұр. Оның ішінде «жер кезегін жылжытып беремін, жеңіл түрде тұрғын үй алып беремін» деп ел сеніміне кіріп қомақты түрде қаржы жымқыратындар көбейген. Сондықтан осының алдын алып ешкімге сенбеу керектігін айтқым келеді. Бүгінде барлығы электронный түрде жүргізіледі. Қолма-қол ақша берген ештеңені шешпейді. Заң бәрімізге ортақ. Ал сыбайлас жемқорлыққа жол берген тұлға заң аясында жазасын алады. Осыдан аулақ болу керек. Мұндай келелі кездесулер алдағы уақытта да барлық жерде өткізіледі деп күтілуде. Бір жиыннан бір адам толық түсініп, екінші ортада осыны насихаттаса біздің жұмыстың нәтижесі сол болмақ, – дейді «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалы басшысы Ләззат Шайзадақызы.

Егер мемлекеттік немесе жеке тұлғаға біреу сыйлық ұсынса оны 7 күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қорға тапсыруға міндетті. Ал жеке мүдде жолында пайдаға асыратын болса әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Одан әрі жұмыста қалатын қалмайтынын Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері  шешеді. Сыбайлас жемқорлық немесе құқық бұзушылық фактілері жайында хабарлаған тұлғаларға біржолғы ынталандыру төлемдері қарастырылған. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Бүгінгі өткізілген шара соның айқын дәлелі. Ашықтық, әділдік, адалдық «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басты ұстанымы.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: