ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі редакциямызға экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл сотталушы сот үкіміне сәйкес қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Бұл ретте Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар қосымшаға сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлаймыз, – деді комитеттің баспасөз қызметінің өкілі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 93-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!