Жексенбі, 13 қазан, 02:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81-2091
12.10.2024
PDF мұрағаты

Биыл өңірде 1222 баспананың құрылысы аяқталмақ

01.02.2022

814 0

Пандемия шектеулеріне қарамастан соңғы 2 жылда азаматтарға 1984 баспана берілді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар пәтерлі болуда. Биыл да 1222 пәтердің құрылысы аяқталмақ. Құрылыс саласындағы өзекті мәселелерді саралау үшін бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысының міндетін атқарушы Арнур Нұрмағанбетовтың есебін тыңдап, алда атқарылуы тиіс жұмыстарды саралады.

Биыл өңірде 28 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 21 нысанның құрылысы 2021 жылдан өтпелі, 7 жаңа нысан салынады. Атап айтқанда, 13 білім беру, 7 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталады. Мұнан бөлек, 3 мәдениет нысаны мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3 нысанның құрылысы жүргізілмек. Сондай-ақ, спорт және қоғамдық тәртіп салаларында бір-бір нысан бой көтереді. Айта кетейік, 28 нысанның 19-ы жыл аяғына дейін аяқталса, қалған 9 нысан 2023 жылға өтпелі деп жоспарлануда.

Арнұр Нұрмағанбетов арендалық үйлерді табыстау, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде құрылысы жүргізілетін нысандар бойынша ақпар берді.

Жыл ішінде Қызылорда және Байқоңыр қалалары мен Шиелі ауданында 372 пәтерлік 10 арендалық тұрғын үй пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, облыс орталығында 580 пәтерлік 12 кредиттік тұрғын үй мен 270 пәтерлік 7 жеке коммерциялық құрылыс салушылардың есебінен тұрғын үй салынады.

Бүгінде 55 әлеуметтік нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Стратегиялық жоспарлау бағытында Жаңақорған кентіндегі «Саяжай-1» мөлтек ауданында 300 гектар және Байқоңыр қаласында 430 гектар аумағында егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленді.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында барлығы 13 нысанның құрылысы жүргізіліп, биылғы жылы аталған нысандардың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізуде сапаға айрықша мән беріп, мердігер мекемелердің әрбір нысанды уақытылы аяқтауын бақылау қажеттігін ескертті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: