Жексенбі, 28 сәуiр, 13:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Болашақ заңгер кеңесшілер тергеу изоляторының жұмыс тәртібімен танысты

29.10.2021

685 0

Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарында білікті мамандардың жетіспеушілігі орын алуда. Соның ішінде құқықтық білімі бар жастар жазалау орындарына келіп жұмысқа тұруда екпінділік танытпайды. Бұл бәлкім олардың жабық мекемедегі ҚАЖ қызметкерлерінің жұмыс барысы туралы түсініктері мен сала қызметтері жайлы ақпараттың аз болуынан да шығар.

Міне, сондықтан да, мекемедегі бос орындарға білімді жас мамандарды жұмысқа тарту мақсатында ЗК-169/1 тергеу изоляторының кадр саясаты бөлімі әртүрлі іс-шаралар атқарып отырады. Бұған дейін осы бөлімнің аға инспекторы, Шахи Динара Нүрбекқызының бастамасымен И. Әбдікерімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғарғы колледжі студенттерімен кездесу ұйымдастырылған болатын. Бұл жолы Орда жоғарғы колледжінің бітіруші курс заңгерлері арнайы шақыртумен келді.

Заңгер кеңесшілер, алдымен мекеме бастығы, әділет подполковнигі А.Тасқараевтің жылы қабылдауында болды. Подполковник студенттерге ішкі істер саласына жұмысқа тұру тәртібі мен артықшылықтары жайлы түсіндіріп, өзінің осы саладағы 25 жылдық өмірінен мысал келтіре отырып әңгімелеп берді.

Содан соң, кадр маманы студенттерді штаб бөліміндегі бөлім қызметтерімен таныстырып шықты. Олар мекеме қамауына келіп түскен азаматтардың іс- құжаттарымен жұмыс жасайтын Арнайы бөлім қызметіне қызығушылық танытты. Әсіресе, оларды мұндағы қызметте басым бөлігі нәзік жандылардың көп болуы таңқалдырды.

Мұнан соң, мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары әділет капитаны Р. Байділдаев келушілерді кезекші бөлімге бастап апарды. ҚАЖ саласында 12 жылдың еңбек өтілі бар білікті маман суденттерге жабық мекемедегі негізгі қызметтер атқарылатын бөлмелермен таныстырып шықты. Яғни, ол мекеме қамауына келіп, түскен айыпталушылар мен сотталғандарды тінту бөлмесі,адвокаттар мен тергеушілердің жауап алу бөлмесі және сәлем- сауқаттарды қабылдау мен сотталғандардың туыстарымен ұзақ мерзімді кездесу өтетін бөлмелерімен таныстырды.

– Бүгінгі экскурсия арқылы ҚАЖ саласының жұмысын көзбен көріп, мұндағы қызмет бөлімдерінде атқарылатын іс-әрекеттертермен таныс болдым. Погондағылардың тағлымды әңгімесі болашақ мамандығыма деген ықыласымды арттырды. Мен де, Арнайы бөлім бастығы, Ф. Сембаева сияқты, әділет майоры болғым келеді. Қараша айындағы іс-тәжірбиемді осында өткізсем деймін- деді, білімгер Темірханқызы Сәуле.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: