Сейсенбі, 26 мамыр, 11:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39 (2251)
26.05.2026
PDF мұрағаты

Бұрын сотталған қазақстандықтан ұрланған телефондардың ірі партиясы тәркіленді

26.05.2026

115 0

Фото: freepik

Алматыда полиция бұрын сотталған ер адамды ұстады. Одан 30-дан астам ұрланған ұялы телефон тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда ұялы телефон ұрлығы мен қалта ұрлығының саны азайып келеді. ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері ұялы құрылғыларды ұрлау фактілері 40%-ға төмендеген, деп жазады Polisia.kz порталы.

Полицейлер осындай 900-ден астам қылмысты ашты. Ұрланған телефондар иелеріне қайтарылды. 700-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ ұялы телефон ұрлығымен айналысқан 12 қылмыстық топтың жолы кесілді. Ұрланған техниканы өткізетін орындарға ерекше назар аударылуда. Мысалы, Алматыда бұрын сотталған ер адам ұсталды. Одан 30-дан астам ұрланған телефон тәркіленді.

ІІМ еске салады: ұрланған мүлікті сатып алу және қайта сату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындар мен көлікте жеке заттарына мұқият болып, сақ жүруге шақырады. Заң мен тәртіп әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: