Жұма, 29 наурыз, 07:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Депутаттар қамаудағылардың жағдайымен танысты

20.02.2022

1318 0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тергеу амалдарының ашық әрі әділ жүруін қадағалау мақсатында, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова, Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов және Ұлттық алдын алу тетігінің жетекшісі Тенизбаев Серик Мустафаевич ЗК-169/1 тергеу изоляторына келді.

Кездесу барысында алдымен, Қызылорда облысы ҚАЖД бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы тергеу изоляторы қызметін ұйымдастыру мен қаңтар оқиғасы кезінде қамалғандарды тергеп-тексеру тәртібі жайлы ақпарат берді. ҚР Конституциясында көрсетілгендей әр азамат еліміздің ең қымбат қазынасы.Әрбір адамның құқықтары мен бостандықтары ҚР Конституциясымен қорғалуы тиіс. Олай болса, кешегі қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде әртүрлі қылмыстары бойынша қамаудағы азаматтарға медициналық көмек тиісті деңгейде көрсетіліп отыр. Және олардың мекемедегі ұсталу жағдайы, тергеу барысындағы құқық қорғаушылардың қарым- қатынасы, заң аясында жүргізіледі. Ешқандай азаптаулар мен заң бұзушылықтарға жол берілмейді. Өйткені, мекемеде жаппай бейнебақылау орнатылған.Қамаудағылардың құқықтық жағдайын бақылау үшін олармен жұмыс жасайтын жеке құрам дерлік бейнетіркегішпен қамтамасыз етілген. Сондай –ақ олардың туыстарымен жеке қабылдаулары күнделікті өткізіліп тұратындығын айтты.

Өз кезегінде Балаайым Туғанбайқызы :

– Бүгін тергеу изоляторындағы қамауда ұсталынып отырған азаматтарды сұрақтары бойынша жеке қабылдадық. Қабылдау барысында тергеу ісі бойынша құқық қорғаушылармен, туыстарымен байланыс орнатуы мекеме басшылығы тарапынан тиісті деңгейдегі жағдай жасалып отырғанын көрдік. Қабылданушылар тарапынан денсаулықтарың ұсталу жағдайлары жеке адвокаттармен кездесулері бойынша шағымдары болған жоқ.

Іссапар барысын қорытындылай келе ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл осы оқиғаға қатысты республика көлемінде барлық аймақтарда жүргізілген тексерулер, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен болғандықтанда, тергеудегі азаматтардың әрқайсысының жасаған қылмысына қарай , ҚР Заңына сәйкес тиісті шешім әділ қабылдануы керек деді.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: