Бейсенбі, 30 қараша, 12:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2001)
28.11.2023
PDF мұрағаты

Діни экстремизмнің алдын алу – бүгіннен басталады

27.01.2022

614 0

«Төлен ата» мешітінің бас имамы Г.Бисенбаев ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, терроризм мен діни-экстремизмнің алдын алу бағытында түсіндірме жүргізді. Бас имамның айтуынша исламның негізін меңгерген адамның террорист болуын елестету мүмкін емес. Террорлық жолға түскен кісінің мұсылман болып қалуы неғайбыл. Дінде адам өлтіру арқылы ізгі мақсатқа қол жеткізу деген ұғым мүлде жоқ.

– Елдің елдігін сақтау ата-бабамыз көрсеткен жарқын жолмен жүруде екенін түсінетін уақыт жетті. Осы тұрғыдан өткеніміз бен бүгінімізді саралауымыз қажет. Дінімізде мәңгі өзгермейтін ақиқат пен заман шарттарына бейімдеп отыратын құндылықтар бар. Соны қаперге ала отырып, тепе-теңдіктен ауытқымай дінді бір бүтін ретінде түсіндіретін ғалымдардың болуы маңызды,-деді «Төлен ата» мешітінің бас имамы Г.Бисенбаев.

Басқосу соңында мекеме қызметкерлері өз ойларымен бөлісіп, нәзік тақырыптың күрделі жақтарын сөз етті.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: