Жексенбі, 08 желтоқсан, 12:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Елімізде жеке сот орындаушылары енді борышкерлерді себепсіз мазалай алмайды

07.04.2022

1397 0

Жеке сот орындаушылары істі жүргізу кезінде бұған дейін әріптестері қабылдаған шешімдердің күшін жоя алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бүгін Мәжілісте  депутаттар осы саланы реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл құжатқа сәйкес енді жеке сот орындаушылары борышкерлерді себепсіз мазалап, шақыра алмайды. 


Сондай-ақ олар іс қозғағанда қаулының көшірмелерін жіберуге міндеттеледі. 

Айта кетерлігі, былтыр бүкіл ел бойынша жеке сот орындаушыларының қызметіне қатысты 13 мыңнан астам шағым түскен. Солардың негізінде 17 маман жұмыстан шығарылса, тағы 50-інің лицензиясы тоқтатылды. Арасында азаматтардың электронды цифрлық қолтаңба сертификатын коллекторларға бергендер де болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: