Бейсенбі, 02 мамыр, 07:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Есірткіге қарсы тексеріс жұмыстары күшейтілді

21.12.2023

548 0

Қызылорда облысында нашақорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанымен, есірткіге елітіп, тәуелді болып қалушылар саны аз емес. Сонымен қатар бүгінде есірткінің синтетикалық түрлері көбейген. Бұл орайда өз міндетін мінсіз атқарып жүрген тергеу мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері қырағылық танытып, мекеме аумағына  есірткі тасымалдануының алдын алуда.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер министрінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың 19-29 желтоқсан күндері аралығында, Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне есірткі заттардың енуін болдырмау, анықтау мақсатында күшейтілген тексеру іс-шарасын өткізу белгіленген. Осыған байланысты, 2023 жылдың желтоқсан айының 19-20 күндері Қызылорда облысының полиция кинология қызметінен 1 қызметкер қызметтік итпен шақыртылды және Қызылорда желілік полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі полиция майоры Е.Ескалиев, кіші инспектор кинологі полиция старшинасы Ж.Бәкірмен бірлесіп, қызметтік итімен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен, бақылау өткізу бекетінен бастап, сәлем-саухат қабылдау орнына дейін тексерілді. Тексеру кезінде есірткіге қатысты факті тіркелген жоқ, дегенмен аталған бағытта жұмыстар жалғасын табады.

Есірткіге қарсы күрес, яғни тұрғындарды зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сондай-ақ, қамаудағылар мен қызметкерлерге есірткі заттарын заңсыз сақ­тағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын мекеменің жедел бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Сейдахметов Өмірзақ үнемі ескертіп келеді.

Мөлдір ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: