Сәрсенбі, 01 мамыр, 06:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Есірткіге қарсы акция жүргізілді

05.02.2024

326 0

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, “Amanat” партиясының өкілдерімен бірлесіп есірткі жарнамасы бар граффитилерді жою бойынша акция жүргізді.
Қызылорда қаласының әртүрлі аудандарында орналасқан гараж, ғимараттардың қабырғаларынан 50-ден астам граффити-жазулар жойылды.
Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 бабына сәйкес “Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау” үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
Егер бұл қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған болса, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: