Бейсенбі, 18 маусым, 11:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45 (2257)
16.06.2026
PDF мұрағаты

Гір тасы: кіл мықтылар күш сынасты

16.06.2026

15 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Шойыннан құйылған гір тасын көтеруге шымырлық керегі шындық. Жазғы спартакиаданың жанға жаққаны сол, тартысты бәсекемен қатар, көңілді ді серпілтіп қояды. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер бұл жолы білек күшін байқап көрді.

Гір көтеру сайысы қатысушылардың дене дайындығын шыңдап, жеңіске деген жігерін арттыра түсті. Мұны оңайлықпен берілмеуге тырысқан талпыныстан аңғардық. Додада ептілігімен көзге түскен жазасын өтеуші азаматтар жеңімпаздар қатарынан көрінді.

– Бір айға жалғасқан спартакиада ойымызды бөлген маңызды іс-шараның бірі болды. Барлық спорт түрінен бабымды сынап жүрмін. Нәтиже әртүрлі. Бірде жеңіс, бірде жеңіліс. Ал, осы жолы гір тасын көтеруде үздік ойын көрсеттім, – дейді жазасын өтеуші азамат.

АКАӘПТЖББ-ның жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Бабахан Алтынбек жеңімпаздарды құттықтап, алдағы жарыста да белсенді болуға шақырды.

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: