Сенбі, 20 сәуiр, 13:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Кәмелетке толмағандар арасында 6 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

22.11.2022

684 0

Қызылордада облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда бала тәрбиесіне қатысты мүдделі құзырлы органдармен бірлесе отырып біршама жұмыстар атқарылды. Соның ішінде кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу мақсатында ағымдағы 2022 жылы «Бала және отбасы», «Демалыс», «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық іс-шаралары, сондай-ақ «Мен және менің полицейім», «Абайлаңыз балалар» атты акциялар өткізілді.

Облыстың оқу орындарында басқа құқық қорғау органдарымен бірлесіп 10 айда 5000-нан астам дәріс өткізілді. Мұнда маскүнемдіктің, есірткіге құмарлықтың, уытқұмарлықтың зияны, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі мен кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қол сұғылмаушылық пен қылмыстың алдын алу тақырыптары талқыланды.

Тәртіп сақшыларымен барлығы 5891 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде әр түрлі құқық бұзушылық жасағандары үшін 5306 жасөспірім жеткізілді. Бейімдеу орталығына 293 кәмелетке толмаған жатқызылып, 24 жасөспірім қылмыс жасағандары үшін ұсталды.

Сондай-ақ, балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін дәлелсіз себептермен орындамайтын бес ата-ана сот құзырымен құқығынан айырылса, төртеуі құқығынан шектелді және екі кәмелетке толмаған балалар облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына орналастырылды. Түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 4663 кәмелетке толмағанның заңды өкілдері, жасөспірімдердердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 180 кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі бұйымдарын сату дерегі бойынша – 21 және алкоголь өнімін сатқаны үшін 84 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: