Жексенбі, 06 қазан, 02:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Кассациялық сот құру – қоғам талабы!

18.09.2024

274 0

Кассация латынша (quasso-талқандаймын, қиратамын, cassation-жою, бұзу) деген мағынан білдіреді. Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық сот құру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында кассациялық сот құру мәселелері талқыланған.
Жалпы, кассациялық соттардың құрылуы кезінде олардың тиімді жұмыс істеуі, судьялардың шынайы тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьялық лауазымдарға ашық және жария түрде іріктеу қажеттілігі мәселелеріне ерекше назар аудару қажет екендігі қарастырылды.
Әрине, сот отырысында екі тараптың мүддесі қозғалғандықтан, жеңілген тараптың өкпе-реніші болатыны рас. Бірақ, дауларды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сот актілерін түсіндіру, сот отырыстарын дыбыс-бейне таспаға жазу бойынша жүзеге асырылған шаралар сот жұмысындағы төрелік ету кезінде әділ шешімге деген өз көзқарастары мен сенімдерін арттырды деп айтуға болады. Жоғарғы Сот бұл нәтижемен тоқтап қалмай, төрелікке деген сенімді қалыптастыруға түрткі болатын тетіктерді жан-жақты қарастыруда. Атап айтқанда, негізгі бастама ретінде кассациялық сот құру басты назарда тұрғаны сөзсіз.
Жария-құқықтық дауларды шешуге қадам жасалып, әкімшілік әділет институты қолданысқа енгізілген жылдың ішінде сот шешімдерінің 60 пайыздан астамы азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілгені белгілі. Бұл халық өкілдерінің сотқа, әділдікке деген сенімін нығайтты. Ал алдағы уақытта Кассациялық сотты тәжірибеге енгізу сотқа кететін қаржыға нұқсан келтірмей, азаматтардың ұсыныс-талабын ескере отырып шешім шығаруға мүмкіндік болады. Президенттің кассациялық сот құру туралы ұсынысы қазір қоғам тарапынан қызу талқылануда. Ең бастысы, бұл кассациялық орган толық тәуелсіз болғаны жөн деген пікірлер айтылуда.
Сондықтан, кассациялық сот құру еліміздегі сот жүйесінің дамуына өз үлесін орасан зор қосып, халықтың сот әділдігіне деген көзқарасын дұрыс жағына өзгертіп, сенімін арттырады.

Т.Тілеп

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: