Сенбі, 04 мамыр, 03:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Кішкентай қыз баланы жәбірлеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

20.07.2023

405 0

ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысының полиция департаментіндегілер Қарғалы ауылында әйелдің кішкентай қыздың қолын байлап, аузын тұмшалаған видеосы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тексеру кезінде видеодағы әйел 1999 жылғы Т. есімді әйел екені белгілі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, келіншек қаршадай қызға оның ата-анасымен арадағы кикілжіңге байланысты зәбір көрсеткен.

«Бұл факт Жамбыл ауданы полиция бөліміндегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесіне Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша тіркелді. Іс бойынша оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Сонымен бірге, тиісті сараптама тексерулері тағайындалды», – дейді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Еске салайық, бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде қыз баланы жәбірлеуші адамның көрші әйел екенін, қазір ауылдан бой жасырып үлгергенін жазған болатын.

«Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологі жұмыс істейтін болады», – деді Динара Зәкиева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: