Жексенбі, 12 мамыр, 02:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Көлік айдаған жасөспірім үш адамды қағып, бүлдіршін көз жұмды

03.08.2023

598 0

Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жасөспірім көлік айдап, үш адамды қағып кетті. Апат салдарынан сәби көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2 тамыз күні кешкі сағат 21:30 шамасында Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында болған.

«Әйтеке би көшесімен келе жатқан «ВАЗ-21140» көлігінің 17 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі баланы қағып кетті.

Оқиға салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Тағы екі жаяу жүргінші Ақтөбе ауруханасына жатқызылды», – деп хабарлады полициядағылар.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: