Жұма, 26 сәуiр, 10:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Көлік құралын мас күйінде басқарған аудан тұрғыны ұсталды

23.01.2022

426 0

2022 жылдың қаңтар айының 14 жұлдызынан бастап облыс көлемінде ерекше өкімге дейін «Құқықтық тәртіп» жедел
профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмыс атқару барысында сағат 23-05 шамасында  «Мерседес-Бенс» маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында жүргізушісінің көлік құралын алкогольдік ішімдік ішіп, масаң күйде басқарғаны анықталды.  Медициналық куәландырудың қорытындысымен  жүргізушінің «жеңіл» дәрежелі мас күйінде болғаны белгілі болды. Оған қатысты 21.01.2022 жылы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы рәсімделіп, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды. Автокөлік айыппұл алаңына қойылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: