Дүйсенбі, 04 қараша, 05:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

«Күніне 720 мина жарылады»: Жамбыл облысында жарылыс жұмыстары күзге дейін жалғасады

08.06.2022

1143 0

Жамбыл облысында 28/349 әскери бөлімінде қалып қойған оқ-дәрілерді жою жұмыстары жалғасып жатыр. Байзақтағы жарылыс күзге дейін созылады. Мамандар қоймадағы қауіпті қалдықтарды шығарып, жою үшін шалғайға алып барған. Мұнда күніне 720 минаны жою жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Әскери қоймадан шығарылған жарылғыш заттардың қалдықтары қазір қолдан жарылады. Ол үшін таудың ішінде әскери бөлімшеден, шамамен, 12 шақырымдай жерде арнайы жер белгіленген. Жару жұмыстары негізі екі ай бұрын басталған. Жергілікті шаруалар мал төлдейтін уақытта берекені қашырмауды өтінген соң кейінге қалған. Енді қайта қолға алынып отыр. Әскерилер оның адамға, қоршаған ортаға, не жан-жануарларға зияны жоқ деп сендірді. Олар бір жарғанда жарылғыш заттардың 360 данасын жоюда.

“Жарып болған соң 15 минут күтеміз алаңда. Одан кейін біздің топ командир, басшыларымыз бар. Олар барып көріп келеді. Рация арқылы бізге баяндама жасайды. Біз одан кейін барамыз. Жарылмағандарды сол жерге барып жатқан жерінде жарамыз. Ондай жағдай біздің тәжірибемізде болған жоқ. Барлығы жойылып жатыр”, – деді 28349 әскери бөлімінің маман сапері берік Үркімбаев. 

Жару жұмыстары күніне екі мезгіл жүргізіледі және күз айларына дейін жалғасады. Әскери қойма аумағы әлі де жарылғыштардан толық тазартылып бітпеген. Нақты қанша көлемде жойылатыны да белгісіз.

“Техникалық территорияда тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Әр ғимарат, қоймалардан табылғанын осында алып келіп, жарып жатырмыз. Аздан жарып жатырмыз. Өйткені жақын арадағы елді мекендердің қауіпсіздігі үшін. Бар салмағы 600-700 келі тратил эквивалентінде”, – дейді 28349 әскери бөлімінің командирі Еркін Әбсадықов. 

Еске салсақ былтыр Байзақ ауданындағы қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыс болып 17 адам қаза тапқан еді. Төтенше жағдайдың себебі күні бүгінге дейін жарияланбай отыр. Бір әскери адам әлі күнге дейін табылмады. Жоғалған кіші сержант Дауытбаев Бауыржанды іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ.

“Топырақ үйінділерін елеу арқылы іздеп жатырмыз. Бүгінгі таңда іздеу жұмыстары нәтиже беріп жатқан жоқ. Негізі басқа қаза тапқан адамдардың кішкентай заттарына дейін тауып жатырмыз. Біреудің кілті шығады. Біреудің құжаты шығады. Біреудің көзілдірігі шығады. Іздеу жұмыстары жалғасуда. Тапқанша іздейміз”, – деп қосты Еркін Әбсадықов.

Жоспарлы жару жұмыстары дүйсенбі мен жұма күндері аралығында жүргізіледі. Бұл жұмыстар 25 қарашаға дейін жалғаспақ. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: