Сенбі, 07 желтоқсан, 20:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Куәлігінен айырылған мас жүргізуші тағы да рөлге отырды

20.03.2022

846 0

Қызылорда облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықты ескерту, жолын кесу және жедел ахуалды сауықтыру мақсатындаоблыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

17наурыз күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы  жолдардың біріндежол ережесін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысындажүргізушінің автокөлікті құжатсыз және спирт ішімдігін ішіп, басқарғаны белгілі болды. Мас жүргізуші 2021 жылы сот шешімімен 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Тәртіп бұзушы полицияға жеткізіліп, ал автокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: