Жұма, 29 наурыз, 16:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Мәжбүрлі еңбекті орындамаған азаматтың құжаттары сотқа жолданды

27.10.2021

356 0

ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, республика көлемінде «Учаске» профилактикалық шарасы өтуде. «Учаске» профилактикалық шараның мақсаты халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру, олар тарапынан жасалатын қайта қылмысты болдырмау, азаматтармен тығыз қарым –қатынас орнату болып табылады.

Профилактикалық іс-шарасы барысында Арал аудандық прокуратурасы, аудандық пробация қызметкерлері, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп сотталғандардың мекенжайларынан тексеріп, сұхбат жұмыстарын жүргізуде.

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде сот жүктеген 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін орнындамай, тіркеуге келмей заң талаптарына бағынбаған 1 сотталғанның іс-құжаттарын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға аудандық сотқа жолданды.

Арал аудандық пробация қызметі

бөлімінің бастығы

әділет подполковнигі С.Сейталиев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: