Жұма, 29 наурыз, 09:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Мас жүргізуші ұсталды

06.02.2022

821 0

Жаңақорған ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлерімен күнделікті кешкі кезекшілікке шығып, қызмет атқару барысында, ағымдағы жылдың ақпан айының 02- күні сағат: 19:30 шамасында Шалхия-Жаңақорған тас жолының бойында «ЛАДА-210740» маркалы автокөлігі токтатылған.

Тексеру барысында 35 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйінде, көлік басқарғаны анықталды. Медициналық сараптама қортындысы бойынша жүргізушінің алкогольдік масаюдың «орта» дәрежесінде болғаны нақтыланды.

Автокөліктің жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 1 бөлігінің талабына сәйкес (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру ) әкімшілік іс қозғалып, жинақталған құжаттар аудандық сотқа жолданды.

Аудандық соттың қаулысымен мас жүргізушіге қатысты әкімшілік жаза ретінде 15 (он бес) тәулік мерзімге қамақ және 7 (жеті) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы әкімшілік жаза қолданылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: