Сәрсенбі, 01 мамыр, 10:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мекеме кітапханасының қорында 7000-ға жуық кітап бар

21.10.2021

545 0

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №405 қаулысымен бекітілген Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарына сәйкес, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғандарға қатысты оларды қайта әлеуметтендіру бойынша пентитенциарлық жүйе мекемелерінде «Шекарасыз оқу» жобасы іске асырылуда. Осы орайда Қызылорда қаласында орналасқан кітапханалар тарапынан, мекемеде жазасын өтеуші сотталған азаматтарға кітап қорын молайту бойынша көмек жасалған. Жуырда қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің кітап қоры 600 кітаппен толықты. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан алынған кітаптар, арнайы сараптамадан өткізіліп, мекеме кітапханасына тапсырылды. Бүгінде мекеме кітапханасының қорында 7000-ға жуық кітап бар. Жазасын өтеуші сотталған азаматтар арнайы бекітілген кестеге сәйкес қызығып оқитын кітаптарын алып оқуда. Күнделікті мекеменің кітапханасына келетін оқырмандар саны 40-50 адамды құрайды, яғни бұл көрсеткіш сотталған азаматтардың кітап оқуға ынталары жоғары екендігін көрсетеді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: