Сейсенбі, 27 ақпан, 14:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2027)
27.02.2024
PDF мұрағаты

Мекеменің темір құбырларын ұрлаған күдіктілер ұсталды

20.08.2021

707 0

Қаладағы ірі мұнай компаниялардың басшысы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөліміне тамыз айының 16-на қараған түні мұнай кешенінде белгісіз біреулердің 500 дана темір трубаларын ұрлап кеткені туралы арызданған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 990 мың теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жүргізілген жедел-тергеу жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар екі күдікті азамат анықталып, ұсталды. Олар қала орталығының тұрғындары екені белгілі болды.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: