25 наурыз 12:00 шамасында қала аумағындағы көпқабатты үйдің ауласында тұрған «Субару легаси» автокөлігінің артқы мемлекеттік нөмерін ұрлап кеткені жөнінде «102»-ге хабарлама түскен.
Оқиға орнына барған криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктінің ізін алысқа ұзатпады. Полиция қызметкерлерімен 23 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Мән-жайы анықталуда.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!