Бейсенбі, 25 сәуiр, 06:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметкерлер тергеу изоляторына келді

17.05.2022

840 0

Бүгін Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің ұйымдастыруымен, ЗК-169/1 тергеу изоляторына мемлекеттік қызметкерлер келді. Басты мақсат – мемлекеттік қызметкерлердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Профилактикалық шаралардың тиімді құралы ретінде бұл қызметкерлерге қылмыс жасаған адамдардың ұсталу шарттары таныстырылды.

Олар камераларды көзімен көріп, қамаудағылардың ұсталу жағдайымен танысты.

Мекеме қызметкерлерінің айтуы бойынша қамаудағылардың ұсталу жағдайы бәріне бірдей.

Сыбайлас жемқорлық бабтары бойынша келіп түскен қамаудағы азаматтарға өзгелерден бөлек жағдай жасалмайды. Мұнда күн тәртібі бәріне бірдей. Кезекпен серуенге шығып, режим бойынша тамақтанып, белгіленген уақытта туыстарымен кездесіп отырады. Әрине,камераларда үйдегідей жұмсақ жиһаздар жоқ. Екі ярусты темір төсек, темір кружка, қалайы қасық, тор терезе, есіктегі кішкене саңлаудан қырағы бақылаушы күні бойы қарап,қимыл іс- әрекетіңді қалт жібермей қарап тұрады.

Оның үстіне барлық жерде бейнебақылау орнатылған. Корупциялық қылмыстары бойынша күдікті не айыпты деп танылғандар сот шешімі не аппеляция шешімі шыққанша осында болады.

Сонымен қатар 5жыл мерзімге дейінгі сотталғандар осындағы шаруашылық бөліміне қалдырылады.

Ал кейде бір қаладан, екінші қалаға этаппен кететіндер де мұнда жиі қонып, қатаң бақылауда болады. Қорыта айтқанда, қылмысыңа қарай заңмен жазаланасың- деп, мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Қ.Б.Олжабаев келген азаматтарға қысқаша түсіндірме жұмысын жүргізді.

Абдрахманова Раушан
ЗК-169/1тергеу изоляторының мемлекеттік тілде аудармашы маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: