Сейсенбі, 14 сәуiр, 17:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27 (2239)
14.04.2026
PDF мұрағаты

Мешіттегі қайырымдылық қаржысын жымқырған күдікті қолға түсті

12.04.2026

123 0

Фото: Zakon.kz/ Павел Михеев

Ақмола облысында мешіттегі қайырымдылық қаржысын жымқырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметінше, оқиға биылғы наурыз айында облыс аумағындағы ауылдардың бірінде тіркелген. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, белгісіз адам мешіт ғимаратына жасырын кіріп, адамдардың жоқ сәтін пайдаланған. Қаскөй арнайы құралдың көмегімен садақа жәшігін бұзып, ондағы ақшаны иемденіп кеткен. Нәтижесінде 800 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

«Жүргізілген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде күдікті елорда аумағында ұсталды. Ол – бұған дейін де ұрлық деректері бойынша жауапкершілікке тартылған 40 жастағы азамат екені белгілі болды»,- делінген ақпаратта.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оның өзге өңірлерде жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: