Құрылтай

Жұма, 10 шiлде, 10:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Мінезбен межеленген қызмет жолы

10.07.2026

52 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Кәріне мінбейтін кәнігі маманның темірқазығы – тәртіп, тірегі – төзім. Қызметтің күрделілігіне күңкілдемей, әр істің парқын пайымдаудың пайдасы осында. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің режим және күзет бөлімінің инспекторы, әділет кіші лейтенанты Асхат Мусилимбеков те бұлжымас бағдарынан айныған емес.

Межелі мақсатына мұқалмас жігермен жетуді місе тұтады. Содан болар, еңбек жолының он жылын Ақтау қаласындағы әскери бөлімде өткеріп, толысқан тәжірибесін бүгінгі қызметінде сәтті пайдаланып жүр. Сынаптай сырғыған уақыт еншісіндегі үш жылы мекемедегі қызмет белесіне тиесілі. Ішкі ахуалдан ілік табылмас үшін тұрақтылық пен тәртіп тінін тарқатпауға атсалысады.

Асхат Ғабидуллаұлының өмірлік ұстанымы – намысты нанға сатпау. Біртуар тұлға Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін көңілге тоқып, адалдық қағидасына атүсті қарамайды.

Жауапты жұмыстан соң берекелі отбасына бет алады. Жары Фаризамен бірге екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әке үшін шаңырағының шаттығынан асқан бақыт жоқ. “Қоғам тыныштығы бұзылмай, отбасы бақыты ортаймасын” деген азаматтық тілек – өмірлік мұратының өзегі.

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: