Бейсенбі, 09 мамыр, 02:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Нашақорлыққа жол жоқ

21.06.2022

1046 0

Жазғы демалыс кезінде, «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» арналған айлық шеңберінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстағы «Қамбаш», «Шағала», «Ақ терек», «Жалын», «Сыр ұланы», «Тау самалы», «Зерентай» балалар сауықтыру лагерлерінің оқытушылар құрамымен бірлесіп кездесулер мен акциялар ұйымдастырды.

 Шара барысында балалар флешмоб көрсетіп, суреттер көрмесін және үгіт-насихат қойылымы мен спорттық жарыстар өткізді.

Жыл сайын жазғы кезеңде мұндай шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Полиция қызметкерлерінің басты мақсаты – өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру.

Балалармен «спайс» шылым қоспалары, синтетикалық есірткілер, есірткінің түрлері, есірткі сатушылардың есірткіні қолдануға баулу әдістері туралы әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ бүлдіршіндер қызметтік иттердің жұмысымен танысты. Шара соңында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері лагерде демалып жатқан балаларға алғыс хат беріп, сыйлықтар қуантты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: