Жұма, 04 қазан, 06:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Өзге адамның куәлігімен несие рәсімдеген

05.02.2021

1629 0

Қызылорда қаласының тұрғынының атынан 2019 жылдың ақпан айында «Finbox» ЖШС-нен 30 000 теңге және «Деньги населению» ЖШС-нен 60 000 теңге несие рәсімдеген алаяқ сотталды.

Қызылорда қаласының Полиция басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жоғарыда аталған дерек бойынша, 40 жастағы аудан тұрғыны құрықталып,  күдікті толықтай өз кінәсін мойындаған.

Тергеу барысында полиция басқармасының тергеушісі,  полиция капитаны Толқын Мұхтарованың заңдық нормаларды дұрыс және сапалы қолдануының  нәтижесінде, жауаптылықпен, кәсіби біліктілігінің арқасында күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті арнайы сот сараптама қорытындыларымен  толығымен дәлелденген.

Бұдан бөлек, күдіктіге қатысты  өзге де алаяқтықтық деректер анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген.

Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық)бойынша, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚПК 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қаласының №2 сотының үкімі негізінде айыпталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі таңда,  сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

        Қызылорда облысы Полиция департаментінің  баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: