Сәрсенбі, 24 сәуiр, 00:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Павлодар облысында алимент төлемеген әйел бас бостандығынан айырылды

19.10.2021

724 0

Павлодар облысында бұған дейін алимент төлемегені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылған бес баланың анасы колонияға жіберілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көпбалалы ана бұған дейін де полициямен істі болған. Оның отбасының тұрмысы нашар. Әйел адам жиі ішімдік ішіп, балаларын үнемі үйде жалғыз қалдырып жүрген екен. 

Әйел адам ата-ана құқығынан айырылған. Үлкен балалары интернатта, кіші балаларын туыстары алып кеткен. Уақыт өте келе туыстары алимент төлетуге арыз берген. Алайда әйел адам балаларына көмектесуді де ойламаған екен. Биыл ол алимент төлемегені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды.   

«Айыпталушыға оның құқығы мен міндеттері түсіндірілді. Көпбалалы анаға бірнеше рет алимент төлеуі қажет екені айтылды, балаларымен қарым-қатынасын жөндеуге көмектеспек болдық. Бірнеше рет оны жұмыспен қамту орталығына жібердік. Алайда оған ұсынылған жұмыстардан бас тартты», – дейді Павлодар ауданының пробация қызметінің бастығы Дамир Жаныбеков. 

Оның айтуынша, бұған дейін әйел адам түрлі жұмыс істеп, алимент төлемеген. 

«Одан бөлек, айыпталушы міндетті жұмысқа шықпады, еш ескертпей ауылдан тыс жерге кетіп, түрлі заңбұзушылық жасап, ақыры бас бостандығынан айырылды», – деді Жаныбеков. 

Көпбалалы ана жазасын орташа қауіпсіз әйелдер колониясында өтейді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: