Жұма, 29 наурыз, 19:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«Пиротехника» жедел профилактикалық шарасы өтуде

29.12.2021

992 0

Облыста мереке күндері төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс шарасы жүргізілуде. Шара барысында талапқа сай келмейтін 929 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Ізбасаров хабарлады.

– Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жыл сайын пиротехникалық заттарды дұрыс қолданбау салдарынан қайғылы жағдайлар жиі орын алады. Бұл іс шараның негізгі мақсаты – тұрғындар қауіпсіздігі. Сондықтан қаладағы ірі сауда орындары мен базарларда полиция департаментімен бірлесіп күнделікті рейд жүргізудеміз. Нәтижесіне, заң бұзушылықтар анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қолданылуда, – деді Бауыржан Ізбасаров.

Пиротехникалық заттарды қолдануға тыйым салған жерлерде құрылғыларды жару орын алса ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңға сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш яғни, 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынады.

– Алдағы мереке күндері пиротехникалық өнімдердің саудасы қызатыны белгілі. Облыс тұрғындарына айтарым, бұл бұйымдарды сатып алу барысында рұқсат етілген құжатты талап ету керек. Сондай-ақ, пиротехникалық заттарды сақтау және сауда жасау тәртібін бұзған тұлғаларға ҚР Әкімішілік құқық бұзушылық туралы заңға сәйкес белгіленген мөлшерде айыппұл салынады, – деді облыстық әкімшілік полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Айбек Құлмағанбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: