Жексенбі, 08 желтоқсан, 11:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Полиция департаменті жылды қорытындылады

30.12.2021

942 0

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре жеке құрамның қатысуымен Жедел кеңес өткізіп, өткен жылды қорытындылады.  Алдын алу жұмыстарын күшейту нәтижесінде қылмыс деңгейі азайды. Департамент бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлының айтуынша  өңірдегі криминогендік ахуал  тұрақты. Ауыр қылмыстар -13,3% (1097-ден  951-ге), ұрлық -9% (1428-ден 1299-ға),   пәтер ұрлығы -12,8% (250-ден 218-ге), мал ұрлығы -33,7% (282-ден 187-ге) төмендеді.   

Бүгінгі кеңес барысында Бектөре Жеңісбайұлы жуырда өткен ІІМ Алқа отырысында  пысықталған шешімдер мен берілген тапсырмаларды  жеке құрамның назарына  жеткізді.

 Атап айтсақ, полиция жұмысының сервистік моделіне көшу және халықпен тиімді серіктестікті орнату, «Жұртқа жақын полиция» қағидатын, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру,  ішкі  істер органдарының қызметінде ашықтықты  және айқындықты қамтамасыз ету мәселелері нақтыланды.           

Департамент бастығының төрағалығымен өткен бүгінгі Жедел кеңес барысында полиция  органдарының 2021 жылдың қорытындысы бойынша жедел – қызметтік жұмысы мен жеке құрам арасындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылдың жай – күйі туралы Департамент бастығының орынбасарлары және Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы баяндама жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларының  сақталуына ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, Департамент бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре  Ішкі  істер министрі келер 2022 жылды жол – көлік оқиғаларының азаю  жылы деп жариялағандығын атап өтті.

Жалпы қазіргі уақытта  жол қауіпсіздігі өзекті мәселелерді бірі. Талдау көрсеткендей, көлік оқиғаларының басты себебі жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, автокөлікті мас күйде басқару болуда.   Полиция департаментімен жол – көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында оңды шаралар қолға алынып отыр.  

Өңірімізде  жыл басынан  жол қозғалысын бұзудың  133 мыңнан астам дерегі, оның ішінде жол апаттарына тікелей әсер ететін автокөлікті құжатсыз басқарудың 2334 дерек анықталса, автокөлікті мас күйде басқарған 1000-ға жуық жүргізуші ұсталып, көлік құралын жүргізу құқығынан айрылды. Осыған орай, Бектөре Жеңісбайұлы  тиісті қызмет басшыларына жол – көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.   

Аудиоселекторлық режимде өткен Жедел кеңес барысында  полицияның жұмысын жақсарту, ішкі істер органдарын цифрландыру, полицияны халыққа жақындату, оң имиджін нығайту, халықтың сенім деңгейін арттыру және полиция қызметінің өзекті мәселелері туралы халықты жан-жақты және шынайы ақпараттандыру, полиция қызметін жетілдіру бағытындағы шаралар   жөнінде сөз қозғалды.

Кеңес қорытындысы бойынша департамент бастығы Сұлтан Бектөре жедел-қызметтік жұмыстарды қорытындылап, алдағы уақытта бұл жұмыстардың  тиімділігін арттыру бойынша нақты шараларды белгіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: