Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі азаматтарға көмір таратты

20.12.2021

533 0

Қазалы аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі сотталғандарға қайырымдылық көмекті жиі ұйымдастырады. Бұл жолғы көмек аудан әкімдігінің қолдауымен берілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдық мерекесіне орай пробация есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен 4 азаматқа көмір түсіріп берді. Көмек алған азаматтар пробация қызметкерлері мен аудан әкімшілігіне алғысын айтты.

«Өзім қарапайым жұмысшымын, тапқан табысым балаларымның киімі мен тамағына кетеді. Жағдайымды зерделеп, бақылап жүрген пробация қызметкерлері көмек берді. Біздің жағдайымызға бей-жай қарамай,қайырымдылық танытып көмек қолын созған аудан әкімдігіне де алғысым шексіз «,-деді есептегі сотталған.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: