Бейсенбі, 02 мамыр, 04:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Пробация үйінде «Ашық есік» күні өтті

01.06.2022

659 0

Қызылорда қалалық пробация үйінде қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен пробация есебіндегі азаматтар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.


Шараның мақсаты – сотталған азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар, қайтарымсыз гранттарды рәсімдеу, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпарат беру.


Кездесуге қатысқан 20 соттталған сала мамандарынан құқықтық, жұмыспен қамту саласы және кәсіпкерлік бағыты бойынша ақпараттық-кеңес алды.


«Бүгінгі кездесуде сала мамандарымен кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға қайтарымсыз грант алу бойынша құқықтық көмек алдым. Жеке кәсіп ашсам деген ниетім бар. Көмек алмас бұрын кәсіпкерлік оқу курсын ан өтуім қажет екен. Пробация қызметкерлері оқыту бойынша көмек көрсетілетін айтты. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз деді»,-деді есептегі азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: