Бейсенбі, 02 мамыр, 02:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Пробациялық есептегі азаматтар арасында спорттық жарыс өтті

27.02.2022

1023 0

Ағымдағы жылдың 25 ақпанында ЗК 169/5 түзеу мекемесінің спорт кешенінде “1наурыз-Алғыс айту күніне” орай, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандар тарапынан құқық бұзушылықты болдырмау және алдын-алу мақсатында пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды спорттық іс-шараларға тарту бойынша волейболдан спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Жарыс 5 команда арасында, яғни Қалалық пробация қызметі мекемесінен 2 команда, бөлімге қарасты «Өмірлік қиын жағдайда қалған азаматтарды қайта әлеуметтендіру» орталығынан 1команда, «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту» орталығынан 1 команда, «Белсенді ұзақ өмір» орталығынан 1команда қатысты. Жарысқа Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы мамандары мен бас төреші команда арасында өткізіліп жатқан ойындарға басшылық жасады.

Жарыс нәтижесімен 4 команда жеңімпаз атанып, кубок, мадақтама грамоталар және медальдармен марапатталды.

Тұрар Бекмырзаев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: