Алматы қаласы прокуратурасы кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің ұсталуына қатысты түсінік берді.
Веомствоның мәліметінде, 21 сәуірде Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатыстыдеген күдікпен 25.12.1983 жылы туған Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлын ұстағандары айтылады.
Ұсталған Қ.Қ. Құдайберген Алматы қаласы Полиция департаментінің УҰИ-на қамалынған.
Алдын ала тергеумен Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен («Дикий Арман» деп аталатын) бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, Джумагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды,-делінген хабарламада.
Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан.
Құдайберген-Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласты.
Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруы мен қатысуы «Қазақстан» қонақ үйінен, Жұмагелдиев тобының ұсталған қатысушыларының ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің айғақтарымен расталады,-делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!