Жексенбі, 29 желтоқсан, 10:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қайтыс болған адамның қарызын туыстары төлеуге міндетті ме – Мамандар түсіндірді

25.05.2023

739 0

Банк алдында берешектердің саны миллионнан асады. Несие алған адам қайтыс болған кезде оның қарызын кім өтейтінін көпшілік біле бермейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Заңгердың айтуынша, қайтыс болған адамның қарызын туыстары төлеуге міндетті емес. Тек мұрагерлер ғана өтейді.

«Егер қайтыс болған адамның артында нотариус арқылы мұрагерлер бар екені анықталса, оның қарызын мұрагерлер міндетті түрде төлейді. Мұндай жағдайда екінші деңгейлі банкке хабарлау керек. Мұраны қабылдағаннан бастап баласы не мұрагері қарыздарын бірте-бірте төлеген жөн”, – деді заңгер Бағдат Амандосұлы.

Қоғам қайраткері Нұржан Биякаев заңнамада қайтыс болған адамның жақындары оның қарызын өтеуі керек деген жоқ екенін айтады. Тек мұрагерлік етіп тастаған нәрсені қабылдаса ғана қарызы мойнына өтеді дейді.

“Мұрагерлікті қабылдаса, барлық қарызы соған өтеді. Бірақ мұрагер осал топқа жатса, атаулы көмек алып немесе ерекше қажеттіліктері болса, оған жеңілдік қарастырылған”, – деді қоғам қайраткері.

Мұрагер кәмелетке толмаса да, оны қабылдай алады. Ондай кезде баланың анасы, әкесі немесе заңды өкілі қарызды өтейді. 

Депутат Ерлан Саиров ешкімі жоқ адамдардың қарызы не болатынын түсіндірді.
“Мұрагері де, туысы да жоқ немесе анасы зейнеткер болса, ондай кезде оны
банкротқа жіберу керек. Отбасы мұндай жағдайда қаржы ұйымына өтініш жасайды”, – деді депутат.

Мамандар қарызды мүмкіндігінше тез төлеуге кеңес берді. Себебі қарыз пайызы арта береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: