2026 жылғы сәуір айында Қазақстан мұнай мен консентаты өндірісін наурызбен салыстырғанда 16%-ға арттырды. Бұл туралы Reuters дереккөздер мәліметіне сүйене отырып хабарлайды, – деп хабарлайды kursiv.media
Әлемдегі мұнайдың 2%-дан астамын беретін Қазақстан екінші тоқсанның алғашқы айында ірі кен орындарындағы өндірісті күшейтті. Reuters дереккөзінің мәліметінше, сәуірде шикізат алу көрсеткіші тәулігіне 2,17 млн баррельге дейін ұлғайды. Салыстырар болсақ, наурыз айында тәулігіне 1,87 млн баррель мұнай мен газ өндірілген.
Reuters елдегі ең ірі кен орны – Теңізде мұнай өндірісі көбейгенін атап өтті. Мұнда, дереккөздер мәліметінше, өндіріс тәулігіне 973 мың баррельге дейін жетіп, 39%-ға ұлғайған.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында Каспий теңізінің қайраңынан мұнай алатын Теңіз кен орнындағы электр торабында апат болып, өндіріс біршама кенжелеп қалған. Басылым содан бері шикізат алу қалпына келіп жатқанын атап өтті.
Елдің батысындағы ірі кен орнын Теңізшевройл компаниясы компаниясы игереді. Онда ҚазМұнайГаз, Chevron, Exxon Mobil және «Лукойл» үлесі бар.
Қазақстандағы тағы бір ірі кен орны – Қашағанда сәуір айында тәулігіне 414 мың баррель мұнай алынып, өндіріс 9%-ға артқан. Ал Қарашығанақта шикізат өндіру 6%-ға ұлғайған – тәулігіне 250 мың баррель.
Reuters Қазақстанның ОПЕК+ белгілеген квототасынан асып кеткенін атап өтті. Сәуір айында Астана өндірісті тәулігіне 1,579 млн баррельден асырмауы тиіс еді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлемнің ірі мұнай экспорттаушы елдері ұйымынан БАӘ шығып кетті. Содан кейін ОПЕК+ ұйымынан Қазақстан да шығуы мүмкін деген әңгіме тараған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
