Сенбі, 27 сәуiр, 01:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қала тұрғыны қызылордалық анықтаушыға алғыс білдірді

06.03.2022

896 0

​Қызылорда қаласы Полиция басқармасының әлеуметік желідегі парақшасына жергілікті тұрғын Зинаида Ибраева басқарманың анықтау бөлімінің анықтаушы, полиция аға лейтенанты Балатай Нұрлыбек Қабланбекұлының атына алғыс сөздерін жазып, өз ризашылығын жеткізген.


Қала тұрғыны жәбірленуші болып табылатын істе анықтаушы Нұрлыбек барынша өз қабілетін көрсетіп, істің мән-жайын анықтап, зерделеу жұмыстарын жүргізуде.


​Құқық қорғау саласында қызмет атқарғанына бес жыл толған Нұрлыбек осы кезге дейін бірнеше қылмысты ашып, халықтың алғысына бөленіп жүрген полицей. Және де атап өтер жәйт, бұл Нұрлыбектің атына келген бірінші алғыс хаттар емес.


​Тәжірибелі анықтаушының қызметіне риза болған тұрғын оның құрметке лайық екенін атап өтіп, басқарма басшылығына да өз алғысын білдірді.


​Полиция қызметінің қатарында заңды тәртіпті қатаң қадағалап, азаматтардың құқықтарын қорғап, қызметін адал атқарып, еңбегі еленіп жүрген тәртіп сақшылары аз емес. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Полиция тәртіп сақшысы екенін сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдей білуге тиіс», – деді. Анықтаушы Нұрлыбек болса осы мемлекет басшысының сөздерін қайта-қайта дәлелдеп, ел алғысына бөленуде.


Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: