Сенбі, 27 сәуiр, 16:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қарты бар үйдің қазынасы бар

02.10.2023

293 0

1 қазан – қарттар күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінің бастығы Мақсұт Өтегенұлы мекемеде жасақ бастығы лауазымында қызмет атқаратын Берік Мұханбетәліұлының анасы Татьяна Кушекбаевнаны “офицердің анасы” төсбелгісімен марапаттап, ақ жаулықты анаға ізгі тілегін білдірді.
«Құрметті Татьяна Кушекбаевна! Сіздің ұлыңыз, Берік Мұханбетәліұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің «№60 мекемесінің» САӘПТЖ бойынша бөлімінің жасақ бастығы
лауазымында қызмет атқарады. Ел тыныштығындағы игі істерге Сіздің де зор үлесіңіз бар екенін білеміз. Осы орайда, Сізге қуанышты күні деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз»,-деді мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлы.
Қарт ананы құттықтап барған кадр саясаты бөлімінің бастығы Гүлмира Алтынбекқызы мен кадр саясаты бөлімінің қызметкері Айбек Елмұратұлы өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып, гүл шоқтарын табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: